• USD

    - 510.18

  • EUR

    - 601.91

  • CNY

    - 72.6

  • RUB

    - 6.51

Кепілді кредиттер мөлшерлемесі 40%-ға, ипотека бойынша 25%-ға төмендеді

Кепілді кредиттер мөлшерлемесі 40%-ға, ипотека бойынша 25%-ға төмендеді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несиелік ұйымдар үшін қарыздың түріне қарай сыйақы мөлшерлемелерінің шекті мәндерін енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Айта кетейік, 2011 жылдан бастап банктік қарыздар мен микрокредиттердің барлық түрі бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) бірыңғай 56%-ды құрап келген еді. 

Енді жаңа Қаулы қабылдануына байланысты банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелері төмендегідей болды.
− кепілсіз банктік қарыздар бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56% деңгейінде сақталды;
− кепілді банктік қарыздар бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56%-дан 40%-ға дейін төмендетілді;
− ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56%-дан 25%-ға дейін төмендетілді;
− микрокредиттер (кепілді және кепілсіз) бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56% деңгейінде сақталды;
− 45 күнге дейінгі мерзімге 50 АЕК-ке дейінгі сомаға берілетін кепілді микрокредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәні 30%-дан 20%-ға дейін төмендетілді.

Нақтылай кетсек, ЖТСМ – бұл банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметтері бойынша жылдық тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесі. 

Қарыз бойынша ЖТСМ есебіне клиенттің негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдері, сондай-ақ қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер кіреді.

Құралай Құдайберген
 

источник
  • Поделиться:

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Сергей Ковалёв «разоблачил» Александра Усика

  • 1

วิธีเล่นบาคาร่า BK8 ให้ได้เงิน: สูตรชนะ+เดินเงิน 2025 ฉบับเซียน

  • 1

รูเล็ตออนไลน์ BK8 เล่นยังไงให้ได้เงิน สูตรชนะ + อัตราจ่าย 2025

  • 1

Жанибека Алимханулы оправдали после допинг-скандала

  • 1

Сборная Казахстана по таеквондо объявила состав на чемпионат мира

  • 1

Касым-Жомарт Токаев принял посла России Алексея Бородавкина

  • 1